Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

11 ақпанда ҚР 217 азаматы Қытайдан Нұр-Сұлтан қаласына жеткізілді — ҚР СІМ

Сейсенбі, 11 Ақпан 2020, 11:28:18

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Қазақстанда коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу шаралары қаралды.

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов қазіргі таңда Қытай Халық Республикасында жаңа коронавирустық пневмониямен науқас 42 638 адам тіркелгенін, оның ішінде – 1 016-i қайтыс болғанын және 3 996 емделіп шыққанын айтты.

Әлемнің 27 елінде 448 адамда короновирустық инфекция расталды. Бұл ретте, Қытайдағы сырқаттың таралу қарқыны 31 қаңтар мен 9 ақпан аралығында 3,6 есеге төмендеді (22%-дан 6,1%-ға дейін). Сонымен қатар, басқа елдерде коронавирустық инфекцияның таралу қарқыны 3,8%-27% аралығында.

Қытайдағы эпидемиологиялық жағдайдың қиындауына байланысты, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі елімізге коронавирустық инфекцияның әкелінуі мен таралуының алдын алу бойынша келесі шараларды қабылдады: Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің, елімізге әкелетін барлық өткізу пункттеріндегі санитарлы-эпидемиологиялық бақылауды күшейтү туралы қаулысы жарияланды; ҚХР-дан келген барлық адамдарды тұрғылықты жері бойынша мониторингтеу ұйымдастырылды. Бұдан өзге медициналық ұйымдардың науқас және ауруға күдікті адамдарды қабылдауға дайындық ретінде қосымша 4,5 мың қосымша төсек орны дайындалды. Жеке қорғаныш құралдарының, профилактикалау және емдеу заттарының қажетті қоры құрылды.

«2020 жылдың 30 қаңтарында Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымы қоғамдық денсаулық сақтауда халықаралық мәнге ие төтенше жағдай жариялады. Осыған байланысты Денсаулық сақтау министрлігі еліміздің барлық шекарасында санитариялық-эпидемиологиялық бақылауды күшейту туралы бұйрығын қабылдады», — деді Е. Біртанов. 

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша, ағымдағы жылдың 27 қаңтарында Премьер-Министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу шараларын үйлестіру жөніндегі ведомствоаралық комиссия құрылды, оның құрамына барлық мүдделі мемлекеттік органдар мен облыстардың және Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері кірді.

Аталған комиссияның шешімімен:

  1. Қазақстан Республикасында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілді; 

  2. Кезең-кезеңмен жолаушылар тасымалы тоқтатылды (әуе, темір жол, автокөлік);

  3. Үкіметтің резервінен қосымша қаржы бөлінді.

Республикамызда коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу мақсатында мемлекеттік шекара арқылы өтетін барлық пункттерде ағымдағы жылдың 6 қаңтарынан бастап барлығы 260 885 адам, оның ішінде ҚХР-дан – 30 852 адам қаралды.

Бүгінгі жағдай бойынша дене қызуы жоғары және жедел респираторлық-вирустық инфекцияның симптомдары бар 140 адам емдеуге жатқызылды, оның 113-і емделіп шықты, 27-сі стационарда ем алуда. Емдеуге жатқызылған науқастардын ешқайсысында коронавирустық инфекция расталған жоқ.

Медициналық ұйымдар Қытайдан келген 23 059 адамды тұрғын жері бойынша 14 күндік бақылауға алды. 14 күндік инкубациялық мезгілдің аяқталуына байланысты Қытайдан келген 15 478 адам мониторингтен босатылса, 8 690-ы әлі де медициналық бақылауда. Ешқайсысында короновирустық инфекция тіркелмеген. 

Ұлттық аса қауіпті инфекциялар орталығы Ұлттық биотехнология орталығымен бірлесе отырып коронавирусты жедел анықтауға мүмкіндік беретін диагностикалық жүйе әзірледі.

Осыған қоса, Ресей Федерациясы мен Қытай Халық Республикасынан диагностикалық тестілер алынды. Нәтижесінде, коронавирустық инфекция күдігімен емдеуге жатқызылған, және Ухань қаласынан эвакуацияланған барлық 313 адам арнайы зерттеумен қамтылды. Зерттеу қорытындылары теріс – коронавирус анықталған жоқ.

Ресей Федерациясы мен Өзбекстан Республикасының денсаулық сақтау министрліктерімен бірлесе отырып Ухань қаласынан эвакуацияланған азаматтарымыздың денсаулығы бақылауға алынды. Олардың денсаулықтары қанағаттанарлық, араларында коронавирус анықталған жоқ.

Денсаулық сақтау министрлігі халық арасында ауқымды ақпараттық түсіндіру жұмысын жасауда. Коронавирустық инфекция сұрақтары бойынша call-орталық тәулік бойы жұмыс істейді. 

Халықтың коронавирустық инфекциядан қорғануын қамтамасыз ету мақсатында:

1) Медициналық бақылауды жалғастыру, қажет болған жағдайда 14 күндік карантинге жатқызуды қамтамасыз ету қажет. Тиісті нұсқаулықтар денсаулық сақтау басқармаларына жіберілді. 

2) Халық арасында короновирустық инфекцияның алдын алу бойынша ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жалғастыру қажет.

Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді өз кезегінде Сыртқы істер министрлігінің коронавирустың Қазақстан Республикасының аумағында таралуына жол бермеу бойынша атқарған жұмыстары туралы баяндады.

Сыртқы істер министрлігі ҚР Президенті К. Тоқаевтың ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің атына коронавирусқа қарсы күресте Қытайға еліміздің барынша көмек көрсетуге және толықтай қолдау көрсетуге дайын екені туралы хатын жолдады. Сондай-ақ Қытайға медициналық қолғаптар (1 млн дана) және маскалар (500 мың дана) түрінде гуманитарлық көмек көрсету мәселесі пысықталды.

Бұдан өзге, дипломатиялық арналар арқылы түскен өтініштерге сәйкес ЕАЭО елдерінің 24 азаматын (18 Қырғызстан азаматы, 5 Беларусь азаматы және 1 Армения азаматы) әкетуге жәрдем көрсетілді. Бішкекке бірден жіберілген Қырғыз Республикасының азаматтарынан басқа, Нұр-Сұлтан қаласына келгеннен кейін азаматтардың барлығы карантинге жатқызылды. 

Қытай тарапымен қол жеткізілген уағдаластықтардың нәтижесінде «Эйр Астана» әуе компаниясының рейсімен 11 ақпанда ҚР 217 азаматы Нұр-Сұлтан қаласына жеткізілді, тағы 155 қазақстандық 2020 жылдың 12 ақпанында жеткізіледі.

Қытай тарапының өтініші бойынша 10 ақпанда «Эйр Астана» рейсімен Қазақстаннан ҚХР 43 азаматы және ҚХР Елшілігі мен ҚХР Бас консулдығының Алматыдағы коммерциялық емес жүгінің бірінші бөлігі тасымалданды. Екінші бөлігі жеткізіледі.

«Осы жылдың 10 және 12 ақпанында азаматтарды эвакуациялағаннан кейін Қытай аумағында ҚР 343 азаматы, оның ішінде біздің шет елдегі мекемелердің қызметкерлері мен отбасы мүшелері қалады», — деп хабарлады сыртқы істер министрі.

ҚР Елшілігі Білім және ғылым министрлігімен және ҚХР ЖОО-ларымен бірлесіп, қазақстандықтарды қажетті медициналық жабдықтармен және тамақпен қамтамасыз ету жұмыстарын жүргізіп жатыр.

ҚР Сыртқы істер министрлігі мен ҚХР-дағы ҚР-ның барлық шет елдердегі мекемелерінде ҚР азаматтарына кеңес беру үшін жедел желілер құрылған. СІМ мен ҚР-ның ҚХР-дағы мекемелерінің веб-сайттары арқылы, сондай-ақ түрлі әлеуметтік желілер арқылы (faceboоk, instagram, telegram, weibo, wechat және т. б.) ағымдағы жағдай туралы азаматтарды дер кезінде хабардар ету жүзеге асырылуда.

Бүгінгі таңда СІМ ұсынымы бойынша ҚР 450 азаматы Қазақстанға өздері оралды.

«Жоғарыда аталған шаралар қытай тарапымен тығыз байланыста жүзеге асырылуда, бұл Қытай аумағындағы ҚР азаматтарымен байланысты барлық мәселелерді конструктивті түрде шешуге мүмкіндік береді. ҚХР аумағындағы біздің азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қамтамасыз етуге кедергі келтіретін ешқандай да проблемалар жоқ», — деп сендірді сыртқы істер министрі.

ҚХР-дағы ҚР Елшілігінде бар ақпарат бойынша, 2020 жылғы 11 ақпандағы жағдай бойынша ҚХР аумағында коронавирустың жаңа түрі тудырған пневмониямен ауырғандар арасында қазақстандық азаматтар жоқ.


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
03 Маусым 2020, 21:56
2020 жылғы 4 айдағы АӨК қорытындысы: қуаттылығын арттыру, дақылдар алқабын ұлғайту және цифрландыру
03 Маусым 2020, 21:34
Жаңа кәсіпорындар, жолдар салу, баспанамен қамтамасыз ету — Қазақстанда өнеркәсіп саласының дамуы
03 Маусым 2020, 18:24
Мемлекет басшысы Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмовты қабылдады
03 Маусым 2020, 16:24
Ақмәди Сарбасов ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі болып тағайындалды
02 Маусым 2020, 18:22
Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев Президенттің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы Әсет Исекешевті қабылдады
02 Маусым 2020, 18:19
Елбасы «Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбекті қабылдады
02 Маусым 2020, 16:41
Мемлекет басшысы Бас прокурор Ғизат Нұрдәулетовті қабылдады
02 Маусым 2020, 12:23
ҚР Үкіметінің отырысы, 02.06.2020
02 Маусым 2020, 11:45
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 30 мамырдағы №338 Қаулысы
02 Маусым 2020, 11:13
Биыл ҰБТ-ға 131 мыңнан астам оқушы қатысады — ҚР БҒМ
02 Маусым 2020, 10:40
2020 жылы жұмыспен қамту шараларымен 1 млн 220 мың адамды қамту жоспарланған - ЕХӘҚМ
02 Маусым 2020, 10:33
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин санитарлық талаптарды сақтай отырып, ҰБТ-ны сапалы өткізуді тапсырды 
02 Маусым 2020, 10:19
Халықты жұмыспен қамту бірінші кезектегі мәселе — А. Мамин  
01 Маусым 2020, 19:33
Қаржыландыруды және жергілікті қамтуды ұлғайту: Қазақстанда тұрғын үй құрылысы қалай дамуда
01 Маусым 2020, 18:57
Қазақстанда туристік нысандар жұмысының алгоритмі әзірленді
01 Маусым 2020, 18:29
Мемлекет басшысы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваны қабылдады
01 Маусым 2020, 17:03
Түркістан облысы Мақтаарал ауданында қызыл су салдарынан орын алған техногенді төтенше жағдай туралы депутаттық сауал
01 Маусым 2020, 11:27
2 маусым күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
30 Мамыр 2020, 12:30
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №63
30 Мамыр 2020, 09:14
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай үндеуі
29 Мамыр 2020, 18:15
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин: ТМД елдерінің дербестігі факторын күшейту қажет  
29 Мамыр 2020, 18:07
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 28 мамырдағы №336 Қаулысы
29 Мамыр 2020, 18:01
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 28 мамырдағы №333 Қаулысы
29 Мамыр 2020, 17:05
Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Ақмола облысына барды
29 Мамыр 2020, 15:56
ВАК блок-бекеттерді алып тастау және бірқатар саланың жұмысын жандандыру туралы шешім қабылдады
28 Мамыр 2020, 21:59
Қазақстан Президенті «COVID-19 пандемиясы тұсында және одан кейінгі кезеңде дамуды қаржыландыру» атты жоғары деңгейде өткен шараға қатысты
28 Мамыр 2020, 18:42
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 27 мамырдағы №327 Қаулысы
28 Мамыр 2020, 18:38
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 28 мамырдағы №332 Қаулысы
28 Мамыр 2020, 16:08
Мемлекет басшысы Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевты қабылдады
28 Мамыр 2020, 15:12
11 сала бойынша 230 үздік маман ҚР бәсекеге қабілеттілігін арттыру жұмыстарына тартылды 
28 Мамыр 2020, 13:45
ҰБТ барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып өткізіледі
28 Мамыр 2020, 11:14
Қазақстан Президенті «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімовті қабылдады
27 Мамыр 2020, 20:20
Мұнай өндіру, газдандыру және инвестиция тарту — Қазақстанның энергетика саласына шолу
27 Мамыр 2020, 16:33
Мемлекет басшысы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің үшінші отырысына қатысты
27 Мамыр 2020, 11:36
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин БАӘ елшісі Мұхаммед Әл-Джаберге «Достық» орденін табыстады
26 Мамыр 2020, 19:52
Ведомствоаралық комиссия карантин режимінің сақталуына бақылауды күшейту мәселесін қарастырды
26 Мамыр 2020, 16:41
Мемлекет басшысы Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы Наталья Годунованы қабылдады
26 Мамыр 2020, 12:22
Көктемгі егіс науқаны оңтүстік облыстарда толығымен аяқталуға жақын
26 Мамыр 2020, 12:17
ҚР Үкіметінің отырысы, 26.05.2020
26 Мамыр 2020, 11:43
Мал шаруашылығы секторында 4% деңгейінде тұрақты өсім сақталуда — ҚР АШМ
26 Мамыр 2020, 11:04
2020 жылы ауыл шаруашылығы дақылдарын 22,5 млн га алқапқа егу жоспарланған — ҚР АШМ
26 Мамыр 2020, 10:51
Мал шаруашылығын дамытуда өзін-өзі қамтамасыз ету мен экспортты арттыруға басымдық беріледі — А. Мамин
26 Мамыр 2020, 10:18
Қазақстан әлемдік азық-түлік хабының біріне айналу әлеуетіне ие — А. Мамин 
25 Мамыр 2020, 20:51
Фармацевтика саласын жаңғырту және қорғаныш өнімдерін шығару: ТЖ кезінде қазақстандық кәсіпорындардың өндірісі қалай дамыды
25 Мамыр 2020, 19:39
Ведомствоаралық комиссия өңірлерде бірқатар қызмет түрлерін іске қосу туралы шешім қабылдады
25 Мамыр 2020, 18:09
Болат Мажағұлов ҚР АҚДМ Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы болып тағайындалды
25 Мамыр 2020, 15:52
Қазақстан Президенті Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновті қабылдады
25 Мамыр 2020, 10:46
26 мамыр күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
24 Мамыр 2020, 11:00
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №62
24 Мамыр 2020, 08:38
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин қазақстандықтарды Ораза айт мерекесімен құттықтады
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.