Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №10

2016 жылғы 14-19 қараша аралығындағы аптаның айшықты оқиғалары

Дүйсенбіде, 14 қарашада, ҚР Үкіметінің кезекті отырысында ветеринарлық қауіпсіздік, инвестицияларды тарту, сонымен қатар 28-ші дүниежүзілік қысқы Универсиада-2017-ге дайындық мәселелері талқыланды.

Сондай-ақ, Бақытжан Сағынтаев «Нұрлы жер» бағдарламасын іске асыру мәселелері жөнінде кеңес өткізді.  

Сейсенбі күні, 15 қарашада, ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Сербия Республикасының Премьер-Министрі Александр Вучичпен келіссөздер жүргізді. Сауда-экономикалық, агроөнеркәсіп, көлік-логистика және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

Сол күні Бақытжан Сағынтаев Астанада Қазақстан-Сербия бизнес форумының жұмысына қатысты, «Форте Банк» ғимаратындағы қазақстандық суретшілер көрмесін аралады, сондай-ақ ЭКСПО-2017 көрмесінің нысандарын қарап шықты.

Сәрсенбі күні, 16 қарашада, ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Мәскеуде ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің Еуразиялық үкіметаралық кеңесінің жұмысына қатысты, онда ЕАЭО-ға қатысушы елдердің үкімет басшылары Кедендік кодекс жобасын мақұлдады.

Бейсенбіде, 17 қарашада, Бақытжан Сағынтаев ҚР Парламенті Сенатының отырысына қатысты, онда «2017-2019 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» ҚР заң жобасы қаралды.

Жұма күні, 18 қарашада, ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев жұмыспен қамту бағдарламасының, АӨК дамытудың мемлекеттік бағдарламасының мәселелері жөнінде кеңес, сондай-ақ ҚР Президенті жанындағы «Жасыл экономикаға» көшу жөніндегі кеңес және Инвестициялық ахуалды басқару жөніндегі кеңес отырысын өткізді.

Сенбіде, 19 қарашада, Бақытжан Сағынтаев Дүниежүзілік банк сарапшыларымен кездесті.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу