Бақытжан Сағынтаев пен Игорь Шувалов Қазақстан-Ресей сауда-экономикалық ынтымақтастығы мәселелерін талқылады

Бүгін Үкімет үйінде Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Ресей Федерациясы Үкіметі Төрағасының бірінші орынбасары Игорь Шуваловпен кездесті.

Кездесу қатысушылары Қазақстан-Ресей сауда-экономикалық ынтымақтастығының қазіргі жағдайы мен даму келешегін, сонымен қатар Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы ауыл шаруашылығы мен транзиттік тасымалдар саласындағы өзара іс-қимылды дамыту мәселелерін талқылады.

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу