14 Наурыз 2017, 09:58
Бүгін ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев пен ҚР Президенті әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Марат Тәжин Маңғыстау облысына жұмыс сапары барысында облыс активімен кездесіп, өңірдің жаңа әкімі Ералы Лұқпанұлы Тоғжановты таныстырды.
«Мемлекет басшысының жарлығы бойынша Е.Л. Тоғжанов Маңғыстау облысының әкімі болып тағайындалды», - деп хабарлады Бақытжан Сағынтаев.
Премьер-Министр А. Айдарбаевқа бірлесіп атқарған жұмысы үшін алғыс білдіріп, алдағы жұмыстарына табыс тіледі.
Жаңа басшылыққа Б. Сағынтаев Мемлекет басшысының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауында алға қойған тапсырмаларын іске асыруға және ауқымды реформалар жүргізуге байланысты бірқатар нақты тапсырмалар белгіледі.
Премьер-Министрдің айтуынша, Ералы Тоғжановтың басшылық қызметте үлкен тәжірибесі бар.
Ұзақ жылдар бойы ол ҚР Президентінің әкімшілігінде жұмыс істеген, Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығының меңгерушісі – Төраға орынбасары болған.
Ералы Лұқпанов Мемлекет басшысының сенімін ақтап, өңір алдына қойылған міндеттерді табысты іске асырады деген сенімдемін, деді Премьер-Министр Б. Сағынтаев.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу