25 Сәуір 2017, 05:01
Үстіміздегі жылғы 24 сәуірде Белград қаласында Қазақстан Республикасының Елшілігі Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Үшінші жаңғыру: жаһандық бәсекелестік» Жолдауы мен «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын талқылау бойынша дөңгелек үстел ұйымдастырды.
Дөңгелек үстелге Сербия Республикасының Халық Скупщинасының депутаттары мен министрліктердің өкілдері, сондай-ақ сол елдің ғылым, білім беру және мәдениет салаларының өкілдері қатысты.
Іс-шараға қатысушыларға конституциялық реформаның негізгі ережелері мен еліміздің тұрғындарының әл-ауқатын жақсарту бойынша мемлекет атқарып жатқан шаралар туралы егжей-тегжейлі ақпарат берілді. Мемлекет басшысы ұсынған реформалар еліміздің халықаралық қоғамдастыққа енуіне, сондай-ақ Қазақстан азаматтарына ғана емес, сонымен қатар шет мемлекеттердің бизнесмендері үшін де мүмкіндіктерді кеңейтуге ықпал ететіні атап өтілді.
Өз тарапынан мәдениеттану докторы Ваня Йованович Қазақстанның ұлттық мәдениеті мен тарихын жаңғыртуға, отансүйгіштік рухты нығайтуға және жастар арасында білім мен прагматизм культін насихаттауға бағытталған Мемлекет басшысының сындарлы саясатына оң баға берді. Ол Қазақстанның атақты жазушыларының еңбектерін БҰҰ тілдеріне аудару бойынша жобаны жүзеге асыру шетел оқырмандарына Қазақстан әдебиеті туралы көбірек білуге мүмкіндік беретінін баса айтты.
Танымал серб экономисті Любомир Маджар елімізге әлемдік нарықтық қатынас жүйесінде елеулі орын алуға мүмкіндік берген Қазақстан басшылығы таңдаған экономикалық бағдардың тиімділігін атап айтты.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу