27 Сәуір 2017, 08:03
Бүгін ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев шетелдік дипломатиялық корпусқа және инвесторларға Ұлттық инвестициялық стратегияның жобасы мен «Kazakh Invest» Ұлттық компаниясын таныстыруға қатысты.
Ұлттық инвестициялық стратегияның жобасы ЭЫДҰ ұсынымдарын ескере отырып әзірленген. Наурызда құрылған «Kazakh Invest» ұлттық компаниясы жалғыз оператор болып табылады және бизнес жобаларды жүзеге асыру кезеңінде оларды сүйемелдейді.
Іс-шара барысында ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек, Дүниежүзілік Банктің инвестициялық ахуал мәселелері жөніндегі кеңсе басшысы Иван Нимак, «Kazakh Invest» Ұлттық компаниясы» АҚ Басқарма Төрағасы Мақсат Қабашев, «Kazakh Invest» Ұлттық компаниясы» АҚ Директорлар кеңесінің тәуелсіз мүшесі Альпаслан Коркмаз сөз сөйледі.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу