27 Мамыр 2017, 09:48
25-26 мамыр күндері Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Қазан қаласында (РФ) ТМД елдерінің үкімет басшылары кеңесі мен Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырыстарына қатысты.
Бақытжан Сағынтаев Қазанға келгеннен кейін ІТ-парк пен Иннополис жоғары технологиялар қаласының жаңа ғылыми инновациялық әзірлемелерімен танысты. Бақытжан Сағынтаев ІТ-паркті аралау барысында бизнес-инкубатор жұмысымен және «Глонасс+112» мониторинг орталығының жұмысымен танысты, сонымен қатар оған стартап жобалардың презентациясы ұсынылды.
Бақытжан Сағынтаев Татарстан Президенті Рустам Миннихановпен кездесті. Кездесу барысында Президенттер Н. Назарбаев пен В. Путин былтыр Астанада өткен Ресей мен Қазақстанның XIII Өңіраралық ынтымақтастық форумы аясында қол жеткізген уағдаластықтарды іске асыру мәселелері талқыланды.
ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев ТМД елдерінің үкімет басшылары кеңесінің отырысы аясында әріптестерімен экономиканың түрлі салаларындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Үкіметтердің басшылары инновациялар, атом энергиясы, көлік қауіпсіздігі, геодезия, радионавигация, контрафактілік өнімдерді шығаруға қарсы іс-қимыл, сонымен қатар зияткерлік меншікті қорғау салаларындағы ынтымақтастықты жандандыру мәселелерін талқылады. Отырыс қорытындысы бойынша бірқатар ортақ құжаттарға қол қойылды.
Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысында Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы интеграциялық үдерістерді одан әрі дамыту мәселелері қаралды.
Отырыс қорытындысы бойынша АӨК саласындағы ынтымақтастық туралы, ЕАЭО мемлекеттерінде сыртқы экономикалық қызметті реттеу жүйесіндегі «бірыңғай терезе» тетігін дамыту туралы құжаттарға және ЕЭК-пен ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің өнеркəсіптік тауарларға қатысты айрықша субсидияларды ерікті келісісу тəртібі туралы Келісімге қол қойылды.
Сондай-ақ, Еуразиялық үкіметаралық кеңестің келесі отырысы биыл Астанада тамыз айында өтетіні туралы өкімге қол қойылды.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу