29 Мамыр 2017, 04:41
2017 жылғы 22-27 мамыр аралығындағы аптаның айшықты оқиғалары
27 мамырда Мемлекет басшысы Назарбаев Университетінің ІІІ бітіруші түлектеріне дипломдарын табыстады. Салтанатты рәсімге ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев та қатысты.
Бейсенбі күні Бақытжан Сағынтаев ТМД елдерінің үкімет басшылары кеңесі мен Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырыстарына қатысу үшін Қазан қаласына (РФ) барды.
Қазанда Бақытжан Сағынтаев Татарстан Президенті Рустам Миннихановпен кездесті.
Сондай-ақ, Бақытжан Сағынтаев Қазанда ІТ-парк пен Иннополис жоғары технологиялар қаласының жаңа ғылыми инновациялық әзірлемелерімен танысты.
Сейсенбі күні Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен Үкімет отырысы өтті.
23 мамырда ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Біріккен Араб Әмірліктерінің сыртқы істер және халықаралық ынтымақтастық министрі шейх Абдалла бен Заид Әл-Нахаянмен кездесті.
Дүйсенбі күні өткен ҚР экономикасын жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның кезекті отырысы барысында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды дамыту, технологиялық жаңарту және экономиканы, туризмді цифрландыру сияқты бағыттарды жаңғырту бойынша министрліктердің іс-әрекеттері талқыланды.
24 мамырда Үкімет үйінде Бақытжан Сағынтаев ел экономикасының өсімін қамтамасыз ету мен «Самұрық-Қазына» АҚ сатып алулары мен мемлекеттік сатып алулар мәселелері жөнінде кеңестер өткізді.
Бейсенбіде, 25 мамыр күні, «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының жобасы, Астанада Стартап-хаб құру және экономиканың шынайы секторына Индустрия 4.0 элементтерін енгізу аясында «Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағын дамыту жоспары мәселелері жөнінде кеңестер өткізілді.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу