Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» № 37

2017 жылғы 5-11 маусым аралығындағы аптаның айшықты оқиғалары

Осы аптада Мемлекет басшысы Н. Назарбаев Халықаралық «ЭКСПО-2017» мамандандырылған көрмесінің ресми ашылу салтанатына қатысты.  

Көрме ашылуынан кейін ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев атом павильонына барып, «Росатом» корпорациясының бас директоры А. Лихачевпен кездесу өткізді.

Бақытжан Сағынтаев «Астана ЭКСПО-2017» алаңында «Энергетиканың тұрақты дамуын қамтамасыз ету» Министрлік конференциясы мен Сегізінші халықаралық форумның ашылу салтанатында сөз сөйледі.

6 маусымда Үкіметтің кезекті отырысы өтті, онда Бақытжан Сағынтаев Өнімді жұмыспен қамту мен жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын іске асыру жұмыстарын күшейтіп, арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың қызметін жетілдіру шараларын қабылдауды тапсырды.

Дүйсенбі күні Үкімет үйінде Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Доминикан Республикасының сыртқы істер министрі М. Варгаспен кездесу өткізді.

Сейсенбі күні Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен ҚР Президентінің «Қазақстанды үшінші жаңғырту: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауын іске асыру бойынша ҚР экономикасын жаңғырту жөніндегі мемлекеттік комиссия отырысы мен «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын іске асыру бойынша ҚР Президенті жанындағы жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссияның отырысы өтті. Сол күні Бақытжан Сағынтаев «CNPC» Директорлар кеңесінің төрағасы В. Илиньмен кездесу өткізді.

7 маусымда Үкімет үйінде «Oracle» және «Citic Group» компанияларының өкілдерімен кездесу өткізді. «Citic Group» корпорациясының өкілдерімен кездесу барысында ынтымақтастық туралы бірқатар келісімдерге қол қойылды.

Бейсенбі күні, 8 маусымда, Бақытжан Сағынтаев «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Директорлар кеңесінің отырысын өткізді.

Жұма күні Үкімет үйінде:

- Сербия Республикасының Президенті А. Вучичпен;

- Люксембург Ұлы Герцогтігінің Премьер-Министрі К. Беттельмен;

- Сингапур Республикасы Парламентінің Спикері Х. Якобпен;

- Грузия Премьер-Министрінің орынбасары К. Каладземен;

- «Cisco» вице-президенті Д. Спэрроумен кездесулер өтті.

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу