ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ТМД елдері ұлттық қауіпсіздік органдарының жетекшілерімен кездесу өткізді

Мемлекет басшысы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің 25 жылдығына арналған салтанатты шара басталар алдында ТМД елдері ұлттық қауіпсіздік органдарының жетекшілерімен кездесті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды. 

Әңгіме барысында Қазақстан Президенті өңірдегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін арнаулы құрылымдардың халықаралық деңгейде ынтымақтасуы мен өзара іс-қимыл жасауының маңыздылығын атап өтті.

«Алдымызда ортақ міндеттер тұр. Өзара ынтымақтастықта болуымыз қажет. Қазір күрделі кезеңде өмір сүргендіктен, проблеманы жеке-дара шешу де қиын. Елдеріңіздің президенттерімен жақсы қарым-қатынастамын, сондықтан біз барлық мәселені бірлесе шешіп келеміз», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Соңында Мемлекет басшысы ТМД елдері арнаулы органдарының жетекшілеріне салтанатты шараға қатысқаны үшін алғыс айтып, сол елдердің басшыларына өзінің жылы лебізін жеткізуді сұрады.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу