А. Мырзахметов Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барды

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов жұмыс сапарымен Батыс Қазақстан облысына барды, онда Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауында айтылған тапсырмалардың жүзеге асу барысымен танысты.

Батыс Қазақстан облысының әкімшілігінде өткен кеңесте АӨК дамытудың мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру барысы, ондағы міндеттемелерді орындау бойынша бекітілген индикаторлар мен шаралар жетістігі талқыланды. Мал шаруашылығын дамытуға, оның ішінде мал шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу және мал дәрігерлік қауіпсіздікке ерекше көңіл бөлінді. Жиынға Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстары әкімшіліктерінің, агробизнестің, салалық одақтардың және «Атамекен» ҰКП өкілдері қатысты.

Мемлекеттік бағдарлама аясында биылғы жылы субсидияның 65 түрі қарастырылып, соның нәтижесінде 11 тиімсіз субсидияны алып тастап, 40 субсидияның өлшемдері өзгертілді. Ал қалған 14-і еш өзгеріссіз қалды.

Мал шаруашылығында өлшемдерді өзгерту дәл сол қаржы шеңберінде субсидия алушылардың санын бір есеге арттырды. Егер бастапқыда сиыр еті бойынша субсидияны 175 шаруашылық алса, қазір ол 522-ге немесе 100%-ға артты; сүт бойынша 2 есеге; қой еті бойынша 1,3 есе, жүн бойынша 3,6 есе артты. Сондай-ақ қой етін субсидиялау одан гөрі тиімдірек қозы етімен алмастырылды.

Тері өңдеу бойынша жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың жүктемені орындай алмауына байланысты тек жіңішке ғана емес, жартылай жіңішке жүн түрлерін субсидиялау қарастырылды. 

2017 жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында ірі қара малдың, ұсақ қара малдың, жылқылардың, құстардың  санының көбею үрдісі байқалды.

АӨК дамытудың басым бағыттарының бірі шағын және орта шаруашылықтарды ауылшаруашылық кооперацияларына біріктіру болып табылады. Ауыл шаруашылығы кооператитерін құру бойынша жұмысты іске асыру мақсатында ҚР АШМ оларды «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы сүт қабылдау және мал бордақылау пунктерін алғашқы жарнасыз лизингке беру арқылы алу сызбасы жасалды. Алғашқы жарна ретінде жалпы құннан 50% көлемінде бөлінген салым субсидиясын пайдалану қарастырылды.

2017 жылдың 21 шілдесіндегі жағдай бойынша республикада жылдық жоспардағы 467 АШК-нің 517 АШК құрылған.

Кеңес барысында аграрлық қайта өңдеуді дамыту мәселелері қарастырылды. ҚР АШМ ағымдағы жағдайын, қуатын, бастау жылын, құрылғылар түрін, шығарылатын өнімнің жүктемесі мен көлемін қоса алғандағы өнімдерді ұқсату кәсіпорындарының мәліметтер базасын құрды.

Қазіргі таңда республикада 1345 қайта өңдеу кәсіпорындары белсенді жұмыс жасап жатыр. Сүт, ет, тері, жүн, май және дақыл өнімдерін, тұқымдар мен көкөністер, қант қызылшасын және картопты қайта өңдейтін 435 кәсіпорынның ішінде өнімдерді ұқсатудың 9 басым түрі анықталды. Солар бойынша әр облыс, әр аудан бойынша аграрлық қайта өңдеу кәсіпорындарының нақты орналасу Картасы жасалды.

Ветеринарлық қауіпсіздік мәселесіне ерекше назар аударылды. Бірінші жартыжылдықта республикада алдыңғы жылдармен салыстырғанда жануарлардың өте қауіпті ауруларының жалпы эпизоотикалық жағдайының жақсарғанын көруге болады.

Кеңес барысында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ауыл шаруашылығы министрі фермерлердің барлық қызығушылық танытқан сұрақтарына жауап берді. 

Сондай-ақ, жұмыс сапары кезінде А. Мырзахметов Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетіне, «ПОШ Руно» ЖШС тері өңдеу кәсіпорнына барды.

 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу