Бақытжан Сағынтаев Экономиканы жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссия отырысын өткізді

Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссия отырысын өткізді. 

Отырыс барысында Мемлекет басшысының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауын іске асыруды жобалық басқару мәселелері талқыланды. 

Көлік және логистика, базалық индустриализация, отын-энергетика және агроөнеркәсіп кешендері салаларындағы жобаларды іске асыру бойынша бастамалардың егжей-тегжейлі жоспарлары қаралды. 

Бастамалардың аталған жоспарлары Қазақстан экономикасының сапалы құрылымдық өзгерістеріне негіз болады, олар орташа мерзімді келешекте өсім қарқынының тұрақтылығын арттырады.  

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу