Бақытжан Сағынтаев «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы жобасының мәселелері жөнінде кеңес өткізді

Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы жобасының мәселелері жөнінде кеңес өткізді.

Кеңес барысында Қазақстан экономикасын цифрландырудың 2025 жылға дейінгі егжей-тегжейлі жоспарлары талқыланды. Бағдарламаны табысты іске асыру елдің бәсекеге қабілеттілігі және экономиканың барлық салаларында еңбек өнімділігі өсімін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.  

Мемлекеттік бағдарлама төрт басты бағытты іске асыруға бағытталған: цифрлық инфрақұрылымды дамыту, халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру, экономиканың базалық салаларын цифрландыру және мемлекеттік қызмет көрсету бойыша электронды және мобильді үкімет жүйесін жетілдіру.

Кеңес аясында мемлекеттік бағдарлама жобасын сарапшылық бағалау бойынша отандық IT-мамандар: «Элтекс Алатау» ЖШС директоры Н. Жәнібеков, «Open IT» компаниясының басшысы В. Ким, Mirusdesk жобасының негізін қалаушы М. Құрмашев және басқалары сөз сөйледі.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу