Бақытжан Сағынтаев ЭКСПО-2017-дегі ЕАЭО павильондарын одаққа мүше елдердің Үкімет басшыларына таныстырды

Бүгін Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысы аяқталғаннан кейін Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Беларусь Республикасының Премьер-Министрі Андрей Кобяковпен, Қырғызстан Республикасының Премьер-Министрі Сооронбай Жээнбековпен, Армения Республикасының Премьер-Министрі – Карен Карапетянмен бірге ЭКСПО-2017 аумағында орналасқан ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің павильондарына барды. 

Үкіметтердің басшылары Ресей мен Беларусьтің ұлттық павильондарымен танысты. Одан кейін ЭКСПО-2017-нің басты нышаны, көрме кешенінің орталық элементі – «Нұр Әлемді» аралады. 

Қазақстан павильонында Премьер-Министрлер Қазақстанның тарихымен, мәдениетімен, салт-дәстүрімен, көрнекті жерлерімен және соңғы жетістіктерімен танысты. Сондай-ақ, олар Болашақ музейіне барды, онда цифрлық, мультимедиялық және интерактивті технологиялар көрсетілді.  

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу