Бүгінде Kazakh Invest компаниясының инвестициялық қоржынында 150 жоба бар 

Қазақстан экономикасы Kazakh Invest компаниясының 150 инвестициялық жобасын іске асыру нәтижесінде шамамен 30 млрд теңге түсіре алады. Бұл туралы ҚР Үкіметіндегі брифинг барысында «Kazakh Invest» ҰК» АҚ төрағасының орынбасары Нұрсұлтан Жиенбаев мәлімдеді. 

Оның айтуынша, бүгінгі күні инвестжобалардың ортақ базасында жалпы сомасы 30 млрд долларды құрайтын 150 жоба бар. Сондай-ақ, қазіргі таңда 5 млрд доллар сомасындағы 48 жаңа жоба белсенді пысықталу деңгейінде тұр. 

Инвестициялаудың басымдықты салалары анықталды – машина жасау, АӨК, химия, мұнай химиясы, сауда салалары. Нұрсұлтан Жиенбаев бірқатар инвестициялық бағдарламалар бар екенін атап өтті. Олардың бірі – ҚХР-мен бірлескен инвестициялар және индустриалды даму бағдарламасы. Ол жалпы сомасы 28 млрд доллар болатын 51 жобадан тұрады. 

Н. Жиенбаев өткізу сатысында тұрған ірі жобалардың ішінен Павлодар және Жамбыл облыстарындағы химия-металлургия комбинатының құрылысын, Алматы облысында дайын азық-түлік және жартылай дайын өнім шығаратын зауыт құрылысын, Қарағанды облысындағы «Арсерол-Миттал Теміртау» АҚ базасындағы техникалық газ өндірісін, Павлодар және Атырау облыстарындағы ҚМГ ӨМ МӨЗ (АМӨЗ, ПМХЗ) техникалық газ (сутек, азот) өндірісін аутсорсингке шығару жобаларын ерекше атап көрсетті. 

 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу