ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Сербияның қорғаныс министрімен кездесу өткізді

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин Сербияның қорғаныс министрі Александр Вулинмен кездесу өткізді.

Кездесу барысында Қазақстан мен Сербияның қорғаныс-өнеркәсіп кешені саласындағы екіжақты ынтымақтастығының өзекті мәселелері талқыланды. Тараптар әскери-техникалық ынтымақтастық саласындағы бірлескен жобаларды дамытуға әзір екенін растады.

Асқар Мамин «Сіздің ресми сапарыңыз Қазақстан-Сербия екіжақты қарым-қатынасының дамуына қосымша серпін береді» деп мәлімдей отырып, серіктестікті тереңдете түсу үшін барлық мүмкіндіктердің барын айтты.

Өз кезегінде Сербияның қорғаныс министрі Қазақстанға келген сапарының нәтижелі екенін атап өтті. Сапар барысында әскери-техникалық салада өзара тиімді ынтымақтастықты дамытудың нақты келісімдеріне қол жеткізілді.

Александр Вулиннің басшылығымен Астанаға келген Сербияның қорғаныс министрлігінің делегациясы қорғаныс өнеркәсібі кешенінің нысандарын аралады.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу