Қашаған алдағы 50–70 жылда Қазақстанның мұнайгаз саласының көшбасшысына айналады

Қазақстандық мұнайшылар-геологтар қоғамының президенті Балтабек Қуандықов  «РrimeМinister.kz» АА-ға берген сұхбатында Қашаған кен орнының максималды мүмкіндіктері 25-30 жылдан кейін ашылатынын атап өтті. Онда Қашағанда «қара алтынды» өндіру жылына 60 млн тоннаға жетеді және тағы ұзақ уақыт осы деңгейде сақталады.

Балтабек Мұханұлы Қуандықов Қашаған кен орнын дамытудың бастауында тұрған – 1993 жылы, энергетика және отын ресурстары министрінің орынбасары болған ол халықаралық консорциумды қалыптастыруға қатысқан, оған америкалық Mobil, голландтық Shell, ағылшын British Petroleum, итальяндық Agip, француз Total және басқалары сияқты мұнай алыптары кірді.

1997 жылы Вашингтонда Қашаған бойынша өнімді бөлу туралы келісімге қол қойылды. Алғашқы ұңғыма 2000 жылы бұрғыланды, кен орындарының қорлары жылына шамамен 30 млрд баррель мұнайды құрайды. Әлемдік ауқымда Қашаған соңғы 30-40 жылда ашылған ең ірі кен орындарының бірі болды.    

Мұндай ілгерілеуге Каспий қайраңында және жалпы салада жақсы ұйымдастырылған жұмыстың арқасында қол жеткізілді, деп есептейді сарапшы.

Балтабек Муханович Куандыков

2016 жылғы 28 қыркүйекте Қашаған кен орнында мұнай өндіру басталды.

«Бұл Қазақстан игеріп жатқан алғашқы теңіз кен орны. Оған қоса, бұл — өзінің тау-геологиялық айрықша жағдайлары бар ерекше кен орны. Оған аса жоғары қысым, күкіртті сутектің аса жоғары мөлшері, қыртыстың жоғары температурасы — шамамен 100°С тән. Бұдан өзге, Каспийдің өзі бірегей. Ол теңіз болғанымен, қыста шамамен жартысы – бүкіл солтүстік бөлігі қатады. Бұл теңіз нысандарында қалыпты жұмысты қамтамасыз етуге мүмкіндік бермейді», — деп түсіндірді сарапшы.

Қалыпты мұнай өндіруге қосымша кедергі ретінде Балтабек Қуандықов Каспий теңізінің таяз солтүстік бөлігін атады. Қашаған ауданыда судың тереңдігі небәрі 4-5 метрді құрайды, бұл ірі кемелердің қозғалысына кедергі келтіреді.

Каспий теңізінің ерекше экологиялық аймақта орналасқаны маңызды. Мұнда Қазақстанның Қызыл кітабына енген бекіре тұқымдастар, теңіз итбалықтары және сирек кездесетін жануарлардың басқа да түрлері тіршілік етеді. Экологияға зиян келтірмеу үшін барлық талаптарды орындау қажет болды.

Алайда, барлық қиындықтарға қарамастан кен орны іске қосылды, және 2017 жылға 5 млн тонна мұнай өндірілді. Жыл соңына дейін шамамен 8-8,5 млн тонна мұнай өндіру жоспарланған. Қашаған мұнай өндіру көлемін күн сайын арттырып келеді.

«Қазір біз Қашаған бойынша бірінші кезеңдеміз. Бұл - сынама кезең, ол жұмысты қалай жүргізу керектігін, неге назар аудару қажет екенін көрсетеді. Бірінші кезең өзінің максималды мәніне шамамен 2020-2023 жылдарға қарай жетеді. Содан кейін екінші кезеңді іске асыруға кірісеміз – сонда жылына 35–40 млн тоннаға дейін мұнай өндіре аламыз. Максималды, үшінші кезеңге, жылына шамамен 60 млн тонна мұнайға 25-30 жылдан кейін жетеміз», — деп атап өтті Б. Қуандықов.

Сарапшының болжамдарының ауқымын салыстыра отырып, бағалауға болады – бүгінде Қазақстан өзінің 250 кен орнымен 80 млн тоннаға жуық мұнай береді.

Қорытындылай келе, Балтабек Қуандықов Қашағанды толық ауқымды игеру Қазақстанға ірі мұнай жеткізушілердің қатарына қосылуға мүмкіндік береді және экономикаға оң әсер етеді деп сеніммен айтты.   

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу