27 Қыркүйек 2017, 11:15
Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңестің кезекті отырысын өткізді.
Кеңес барысында қатысушылар ҚР-дағы зияткерлік меншік құқықтарын қорғау және күшейту мәселелерін, тауар белгілерін пайдалану ережелерін бұзу проблемаларын, сондай-ақ контрафактілік өнім пайда болған кезде туындайтын тәуекелдерді талқылады.
Бұдан өзге, Қазақстанда зияткерлік меншік бойынша мамандандырылған сот құру перспективалары, сондай-ақ зияткерлік меншік құқықтарын қорғау деңгейінің экономиканы цифрлық трансформациялауға әсері талқыланды.
Анықтама:
ҚР Премьер-Министрінің төрағалығымен Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңес 2012 жылғы 1 наурыздағы Үкімет Қаулысымен елдегі инвестициялық ахуалды жақсартуға байланысты жүйелі мәселелерді шешу үшін құрылды. Кеңестің негізгі мақсаттары отандық және шетел инвестицияларын тартуға және тиімді пайдалануға көмектесу, сондай-ақ Қазақстанда жұмыс істеу барысында кездесетін проблемалы мәселелерді шешу тұрғысынан инвесторларға қолдау көрсету болып табылады.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу