ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың Оңтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарының қорытындысы бойынша видеодайджест
Жұма күні, а. ж. 29 қыркүйекте Мемлекет басшысының тапсырмасымен ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев жұмыс сапарымен Оңтүстік Қазақстан облысына барды.
Жұмыс сапарының негізгі мақсаты – «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауының, сондай-ақ АӨК дамыту және «Нұрлы Жол» мемлекеттік бағдарламаларының, «Нұрлы Жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасының, өнімді жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының іске асырылу барысымен танысу.
Бақытжан Сағынтаевтың жұмыс сапары кестесіндегі басты іс-шаралар туризмді, кәсіпкерлікті, жұмыспен қамтуды дамыту, еңбек ресурстарының жұмылғыштығын арттыру мәселелері бойынша кеңес, сондай-ақ бизнес қауымдастық өкілдерімен кездесу болды.
Түркістан қаласында ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев «Яссы нан» нан зауытын, Қ. А. Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін, сондай-ақ «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында салынған «Отырар» шағын ауданын аралап көрді.
Шымкентте Бақытжан Сағынтаев «Оңтүстік» индустриалды аймағын аралап, «ЕуроКристалл» ЖШС, «Зерде Керамика» ЖШС зауыттарында өндірістік үдерістермен танысты.
Бұдан өзге, Бақытжан Сағынтаев Шымкент МӨЗ-ін жаңғыртудың бірінші кезеңінің нәтижелерімен танысты.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз