Үкімет қолға алған шаралар жанар-жағар май мен көмірге қатысты жағдайды тұрақтандыруға мүмкіндік берді

Үкімет отырысы барысында ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев жанар-жағар май материалдарының ішкі нарығындағы жағдай бойынша жауапты мемлекеттік органдардың басшыларының баяндамаларын тыңдады және тапшылыққа жол бермеу бойынша бірқатар тапсырмалар берді

Энергетика министрі Қанат Бозымбаев, ұлттық экономика вице-министрі Серік Жұманғарин, «ҚТЖ» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Қанат Алпысбаев,  Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов және Астана әкімі Әсет Исекешев жанар-жағар май мен көмірдің ішкі нарықтағы ағымдағы жағдайы туралы баяндады.

ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев ішкі нарықты мұнай өнімдерімен және көмірмен қамтамасыз ету мәселелері Мемлекет басшысының жеке бақылауында екенін атап өтті. Жауапты  мемлекеттік органдарға отын тапшылығына жол бермеу бойынша тапсырмалар берілді және оларға тұрақты мониторинг жүргізіледі.

Табиғи монополиялар саласындағы бақылаушы органдарға баға келісімдерін анықтау бойынша жұмысты жалғастыру тапсырылды.  

Ішкі нарықта ЖЖМ мен көмірдің бар болуы бойынша мәселелерді үйлестіру ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары Асқар Маминге жүктелді.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу