Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №55

2017 жылғы 9-14 қазан аралығындағы аптаның айшықты оқиғалары

  • 10 қазанда Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен ҚР Үкіметінің кезекті отырысы өтті. Отырыс барысында ҚР энергетика министрі Қ. Бозымбаевтың халықты ЖЖМ-мен қамтамасыз ету туралы баяндамасы тыңдалды. Сондай-ақ, ҚР денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасының іске асырылу барысы, әлеуметтік көмек және халықты жұмыспен қамту саласындағы жаңғырту, Астана қаласының азық-түлік белдеуін қалыптастыру жөніндегі кешенді жоспар, цифрлық экономикаға мамандарды даярлау және қайта даярлау мәселелері қаралды.

  • Сәрсенбі күні, 11 қазанда ҚР Премьер-Министрі еліміздің жетекші ғылыми медициналық орталықтарының директорларымен кездесу өткізді. Республикада медицина ғылымын дамытудың негізгі бағыттары талқыланды.

  • Бейсенбіде, 12 қазан күні Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен «Kazakh Invest» ҰК» АҚ директорлар кеңесінің кезекті отырысы өтті. Отырыс барысында компанияны одан әрі дамыту және «Ұлттық инвестициялық стратегия» бағдарламасын іске асыру аясында инвесторларды тарту жұмысын жетілдіру мәселелері қаралды.

  • Сонымен қатар өткен аптада ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында «Экспо-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізу қорытындыларына арналған брифингтер мен баспасөз конференциялары өтті.

  • Соның ішінде «Экспо-2017» көрмесінде ұсынылған жаңартылатын энергия көздері саласындағы ғылыми жобаларды еліміздің ЖОО-ларында іске асыру келешегі, көрме аясында өткен халықаралық кездесулердің қорытындылары, сондай-ақ, шетел павильондарының технологияларын іріктеу процесі жөнінде мәселелер қозғалды.

  • Журналистердің сұрақтарына білім және ғылым, инвестициялар және даму, энергетика министрліктерінің, «Kazakh Invest» АҚ өкілдері, сонымен қатар еліміздің жетекші ЖОО-ларының басшылары мен сараптамалық жұмыс тобының мүшелері жауап берді.

 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу