27 Қазан 2017, 08:30
Мемлекет басшысының тапсырмасымен 23–24 қазанда ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев жұмыс сапарымен Алматыға барды, онда Президенттің «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауын іске асыру барысымен, сондай-ақ қала көшелерін жөндеу нәтижелерімен, Алматының көлік жүйесін жаңғырту бойынша жоспарлармен танысты.
Жұмыс сапары аясында Бақытжан Сағынтаев «ЭЫДҰ Еуразия апталығы-2017» Форумына қатысты, онда іс-шараға қатысушыларға құттықтау сөзін арнады және ЭЫДҰ бас хатшысы Анхель Гурриамен және Форумға қатысушы елдердің делегацияларының басшыларымен кездесті.
Екінші деңгейлі банктердің басшыларымен және елдің қаржы секторының ірі қатысушыларымен кездесуде қор нарығын, электронды сауданы, цифрландыру жағдайында сақтандыру нарығын дамыту, сондай-ақ активтерді басқару мәселелері талқыланды.
Шағын және орта бизнесті дамытудың өзекті мәселелері мен перспективалы бағыттары «Атамекен» ҰКП Өңірлік кеңесінің мүшелерімен кездесуде талқыланды.
Сонымен қатар, бизнес ортаны кеңейту барысымен Бақытжан Сағынтаев ірі нысандарды аралау кезінде танысты: «Magnum Cash&Carry» ЖШС, «ЭФКО Алматы» ЖШС, «Алматыэнергосервис» ЖШС.
Репродуктивті медицина институтының ЭКҰ орталығын аралау кезінде Бақытжан Сағынтаевқа денсаулық сақтаудың халықаралық стандарттарына сәйкес келетін енгізіліп жатқан емдеудің инновациялық әдістері таныстырылды.
Бұдан өзге, Бақытжан Сағынтаев қала әуежайын кешенді жаңғырту жоспарымен танысты.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу