ҚР Президенті Қару саудасы туралы шартты ратификациялады

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Қару саудасы туралы шартты ратификациялау туралы» Заңға қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды. 

Еске салсақ, Заң 12 қазанда ҚР Парламенті Сенатының пленарлық отырысында қабылданды. 

Шарт мынадай санаттар шеңберіндегі кәдімгі қару-жарақтың барлық түрлеріне қолданылады: жауынгерлік танктер, жауынгерлік брондалған машиналар, үлкен калибрлі артиллериялық жүйелер, жауынгерлік ұшақтар мен тікұшақтар, әскери кемелер, зымырандар мен зымырандық ұшыру қондырғылары, атыс қаруы мен жеңіл қару-жарақ.

Заңда кәдімгі қару-жарақты, оқ-дәрілер және зақымдау құралдарын, бөлшектері мен компоненттерін беруге тыйым салу жағдайлары да жазылады.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу