Бақытжан Сағынтаев халықтың өзін-өзі жұмыспен қамту мәселелері жөнінде кеңес өткізді

Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев халықтың өзін-өзі жұмыспен қамту мәселелері жөнінде кеңес өткізді.

Кеңес барысында еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Өзін-өзі жұмыспен қамтудың жол картасын» таныстырды.

Мемлекет басшысының тапсырмасымен әзірленген, 2018–2019 жылдарға арналған Ұйымдастыру шараларының аталған жоспары бейресми жұмыспен қамтылған халықты ел экономикасына жүйелі әрі тікелей тарту шараларын, оларға еңбек нарығында мүмкіндіктер жасауды қарастырады.

Өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды зейнетақымен қамсыздандыру, әлеуметтік және медициналық сақтандыру жүйелеріне қатыстыру, сондай-ақ, қызметтердің жұмысын цифрландыру және ақпараттық жүйелерді біріктіруге қатысты мәселелер пысықталды.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу