21 Қараша 2017, 07:40
Биыл 17-18 қарашада Мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың тапсырмасымен ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев жұмыс сапарымен Жамбыл облысына барды. Жұмыс сапары барысында Премьер-Министр мемлекеттік бағдарламалардың және ҚР Президентінің «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауы міндеттерінің іске асырылу барысымен танысты.
Премьер-Министрдің жұмыс сапары аясындағы негізгі іс-шаралардың бірі аграрлық бизнес өкілдерімен және еліміздің оңтүстік өңірлері әкімдерінің орынбасарларымен 2017–2021 жылдарға арналған АӨК дамыту мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мәселелері бойынша жеке кеңес болды.
«Атамекен» Кәсіпкерлер палатасының Өңірлік кеңесі мүшелерімен кездесу барысында бизнес ортаны әрі қарай жақсарту мәселелері, шағын және орта бизнесті дамытудың перспективалы бағыттары, бизнесті қайта реттеу бойынша заңнамалық шаралар, сондай-ақ Өнімді жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған, «Бизнестің жол картасы 2020», индустриялық аймақтар мен моноқалаларды дамыту бағдарламаларын іске асыру мәселелері талқыланды.
«Арай» шағын ауданының көпқабатты тұрғын үйлерінің құрылысы мысалында Премьер-Министр «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасының іске асырылу барысымен танысты.
Сондай-ақ, Бақытжан Сағынтаев жүйе құраушы кәсіпорын – «Қазфосфат» ЖШС минералды тыңайтқыштар зауытын аралап көрді және өңірде ҚР Индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының іске асырылу барысымен танысты.
«Атлетик» оқыту-жаттығу кешенінде Бақытжан Сағынтаевқа облыстағы спортты дамыту жетістіктері мен перспективалары туралы баяндалды.
Өңірде денсаулық сақтау жүйесін дамыту бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы Премьер-Министрге облыстық перинаталдық орталықты аралау барысында баяндалды.
18 қарашада Индустрияландыру картасына кіретін бірқатар ірі өнеркәсіп нысандарын аралаумен Премьер-Министр Б. Сағынтаевтың Жамбыл облысы бойынша жұмыс сапары жалғасын тапты.
Жуалы ауданында Бақытжан Сағынтаев қуаттылығы 50 МВт-қа дейінгі Орталық Азиядағы ең ірі «Бурное Солар – 1» күн электр стансасының жобасымен танысты.
Жұмыс сапары кестесіндегі келесі нысан минералды тыңайтқыштар өндіретін «ЕуроХим–Тыңайтқыштар» ЖШС зауытының инвестициялық жобасы болды, оны іске асыру сондай-ақ ИИДМБ аясында жүргізіледі.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу