Бақытжан Сағынтаев Қазақстанның Еуропалық Бизнес Қауымдастығының өкілдерімен МЖӘ дамыту мәселелерін талқылады

Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Қазақстанның Еуропалық Бизнес Қауымдастығының (ҚЕБҚ) өкілдерімен еліміздің бизнес ахуалын жақсарту мәселелері бойынша кездесу өткізді.

Кездесу барысында мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетіктерін жетілдіру мәселелері талқыланып, Қазақстанның туристік саласын дамыту келешегі қаралды.

Талқылауға ҚР-дағы Еуропалық Одақ өкілдігінің басшысы, елші Т. Христеа, ҚЕБҚ атқарушы директоры Ю. Кусиди, ҚЕБҚ директорлар кеңесінің төрағасы, Орталық Азиядағы SIEMENS президенті А. Барцявичюс,  директорлар кеңесінің мүшелері: ҚР және Орталық Азиядағы Ernst&Young басқарушы серіктесі Е. Досымбеков, Air Astana президенті П. Фостер, Орталық Азиядағы Procter&Gamble директоры О. Воронова қатысты.

Анықтама: ҚЕБҚ (EUROBAK) — 1999 жылы құрылған коммерциялық емес ұйым, 150-ден астам компанияны біріктіреді: танымал халықаралық, еуропалық және қазақстандық компаниялар, Еуропа мен әлемнің өзге елдерінің дипломатиялық миссиялары.

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу