2025 жылға дейінгі стратегиялық жоспарды іске асыру еңбек өнімділігін бір жарым–екі есеге арттырады — О. Құдайбергенов

Бүгін Қазақстанның 2025 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарының жобасын сараптамалық талқылау барысында Макроэкономикалық зерттеулер орталығының басшысы Олжас Құдайбергенов жаңа құжатқа, соның ішінде өңірлерді күшейту мен мемлекеттік органдар қызметтерін цифрландыруға қатысты реформаларға түсініктеме беріп өтті.

«Осы Стратегияда мен өзіме үш негізгі мәселені белгілеп алдым. Біріншіден, барлық үдерістер мен салаларды жаппай цифрландыру жүзеге асырылатын болады. Бұл шешімдер қабылдау үшін уақытты едәуір үнемдеуге және еңбек өнімділігін арттыруға тиіс », — деді сарапшы.

Олжас Құдайбергеновтың айтуынша, бүгінгі күні дамыған елдердің деңгейіне сәйкес келетін еңбек өнімділігінің 40%-ын, Стратегиялық жоспарды іске асыру арқылы осы көрсеткіштерді бір жарым–екі есеге жақсартуға немесе 60-70% жеткізуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар сарапшы мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру мен мемлекеттік қолдау шараларының тиімділігі артатынын атап өтті. Мәселен, қағазды үйлестіру үшін қажетті уақытты қысқарту АӨК саласындағы субсидияларды уақытылы алуға мүмкіндік береді.

«Екінші мәселе — құжаттың елеулі экономикалық негізі, ол бюджеттің ЖІӨ үлесін 18-ден 25%-ға дейін ұлғайту арқылы және ұлттық валютадағы несиелеу көлемінің 18-ден 50%-ға дейін өсуі арқылы көрінеді. Алдыңғы құжаттарда бұндай көрсеткіштер болмады. Үшінші мәселе — құжатта өңірлердің теңдестірілген дамуын көздейтін бөлім бар », — деді О. Құдайбергенов.

Олжас Құдайбергеновтың пікірінше, Стратегиялық жоспар жобасы ҚР Үкіметі бекіткен жағдайда жүзеге асыруға дайын.

«Құжат жобасы талқыланудың 4 кезеңінен өтті: сарапшылар қауымдастығы, халықаралық ұйымдар, өңірлер және мемлекеттік органдар арасындағы ішкі келісім. Құжат маусым айынан бастап әзірленді және мен ай сайын, әсіресе, реформалар мен бастамалар бөлімдерінде қандай өзгерістер болғанын көрдім », — деді О. Құдайбергенов.

Сарапшының айтуынша, барлығы талқылау барысында мыңға жуық түсініктеме болды.

 

Анықтама: «Қуатты өңірлер мен кенттену» реформасы аймақтар арасындағы әлеуметтік-экономикалық теңсіздікті төмендетуге бағытталған. Жерлерге экономикалық өкілеттіктерді кеңінен табыстау және өңірлік деңгейде инвестициялар тартудың жаңа тетіктерін енгізу өңірлік дамуға серпін береді. Кенттену жаңа тәсілдерді қолдану арқылы жалғасады. Агломерацияны дамытуға ғана емес, сондай-ақ экономикалық әлеуеті бар Қазақстанның орташа қалаларына да ерекше көңіл бөлінеді. Әлеуметтік және көлік инфрақұрылымын дамыту, кәсіпкерлікті қолдау және озық білім беру тәжірибесін тарату бүкіл ел бойынша өмір сүру сапасын жақсартуға жол ашады.

«Мемлекеттік сектор өзгерістер көшбасшысы ретінде» реформасы елді жаңғыртатын қозғаушы күш ретінде мемлекеттік органдар мен ұйымдардың рөлін арттыруға бағытталған. Басқару мен цифрландырудың жаңа технологияларын енгізу мемлекеттік аппараттың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Клиентке бағдарлану мен бейімділікті дамыту ҚР Үкіметінің маңызды міндеттерінің бірі болады.

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу