04 Желтоқсан 2017, 03:14
2017 жылғы 27 қараша мен 2 желтоқсан аралығындағы аптаның айшықты оқиғалары
|
— 28 қарашада Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен Үкіметтің кезекті отырысында «ҚР 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» ҚР Президенті Жарлығының жобасы мақұлданды. Сонымен қатар өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері, қоғамдық кеңестердің қызметі қаралды. |
— 29 қарашада Премьер-Министр «Атамекен» ҰКП төралқасының кеңейтілген отырысына қатысты. Талқылау барысында МЖӘ саласындағы заңнаманы жетілдіру, бизнесті мемлекеттік қаржылық қолдау шаралары, мемлекеттік және квазимемлекеттік сатып алуларға қатысу, импортты алмастыруды дамыту, мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру және цифрландыру, сондай-ақ Үшінші жаңғыртуға мамандарды даярлау мәселелері қаралды.
— Сондай-ақ, өткен аптада Б. Сағынтаев компанияның вице-президенті Хавьер Лассо Пенаның басшылық етуімен ArcelorMittal өкілдерімен кездесу өткізді.
— 30 қарашада ҚР Премьер-Министрінің төрағалығымен «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ директорлар кеңесінің кезекті отырысы өтті. Отырыс барысында Холдингті дамытудың 2017–2021 жылдарға арналған жоспары, 2018 жылға жоспарланған жылдық бюджеті талқыланды және қызметінің маңызды көрсеткіштерінің карталары түзетілді.
— Сол күні Бақытжан Сағынтаев АҚШ Мемлекеттік хатшысы көмекшісінің м.а. Элис Уэллспен кездесу өткізді. Кездесу барысында екі елдің сауда-экономикалық дамуының түрлі саласындағы екіжақты ынтымақтастық мәселелері талқыланды.
— 1 желтоқсанда Премьер-Министр Сочи қаласында ШЫҰ үкімет басшылары кеңесінің XVI отырысына қатысты. Отырыс аясында Б. Сағынтаев ҚХР Мемлекеттік кеңесінің Премьері Л. Кэцянмен, Ауғанстан Ислам Республикасының атқарушы билігінің басшысы Абдулла Абдулламен және Азия мен Тынық мұхитының Экономикалық және әлеуметтік комиссиясының атқарушы хатшысы (ЭСКАТО) Шамшад Ахтармен кездесу өткізді. Отырыс қорытындысы бойынша құжаттарға қол қою рәсімі өтті.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу