Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Индустрияландыру күнін өткізу қорытындысы бойынша видеодайджест

6 желтоқсанда «Экспо Конгресс-орталығында» ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Индустрияландыру картасының жобаларын таныстыру телекөпірі мен «Парыз» және «Алтын сапа» сыйлықтарының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. 

Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев өнімдер мен қызметтердің сапасы, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ жоғары тиімді басқару әдістерін енгізу бойынша елеулі нәтижелерге қол жеткізгені үшін «Өндірістік мақсаттағы үздік кәсіпорын» номинациясында ҚР Президентінің «Алтын сапа» сыйлығын табыстады.

Сондай-ақ, Бақытжан Сағынтаев «Парыз» бизнестің әлеуметтік жауапкерлішігі бойынша сыйлығының жеңімпаздарына алтын мүсіншелерді табыстады. 

Марапаттау рәсіміне Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова, ҚР Премьер-Министрінің орынбасарлары, мемлекеттік органдар мен ұлттық компаниялардың басшылары, депутаттар, қоғамдық бірлестіктердің өкілдері, ірі өнеркәсіптік кәсіпорындардың басшылары, байқау лауреаттары қатысты.

Салтанатты рәсім барысында «Қазақстанның үздік тауары» көрме-байқауының, «Іскер» арнайы сыйлығының және «Ұлы дала елі» «қолшатыр» брендін пайдалануға құқық беру байқауының лауреаттары да марапатталды. 

Шара соңында Мемлекет басшысының қатысуымен «Жаңа индустрияландыру: қазақстандық барыс қадамы» атты жалпыұлттық телекөпір өтті, онда 25 индустриялық жоба таныстырылды.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу