11 Желтоқсан 2017, 11:05
Бүгін Үкімет үйінде Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев цифрландыру мәселелері жөнінде кеңес өткізді.
Кеңес барысында «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы жобасының негізгі бағыттары талқыланды. Атап айтқанда, экономиканы цифрландыру аясында мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту мәселелері қаралды.
Еске салсақ, «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының жобасы жалпы а. ж. 4 желтоқсандағы Үкімет отырысында қаралды.
Жоба цифрлық экожүйені сапалы дамыту арқылы азаматтардың өмір сүру сапасын арттыруды және отандық экономиканың бәсекеге қабілеттілігінің өсуін көздейді.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу