Бақытжан Сағынтаев Orascom TMT директорлар кеңесінің төрағасы Нагиб Савириспен кездесу өткізді

Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Orascom TMT директорлар кеңесінің төрағасы Нагиб Савириспен кездесу өткізді.

Кездесу барысында Қазақстанның телекоммуникация саласындағы компаниясымен ынтымақтастық орнату және цифрландыру бойынша бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелері талқыланды.

Анықтама: Orascom Construction Group Каирде (Мысыр) орналасқан, 1950 жылы негізі қаланған және Onsi Sawiris-ке тиесілі.

Компания әлемдік мердігерлер қатарына кіреді және Еуропада, Таяу Шығыста және Солтүстік Африкада мемлекеттік және жеке клиенттер үшін ірі өнеркәсіптік, инфрақұрылымдық және жекелеген коммерциялық жобаларды жүзеге асырады. Orascom TMT компаниясы — атақты инвестор әрі телекоммуникациялық және технологиялық құрылымдардың стратегиялық акционері. Компанияның акциялары NASDAQ Dubai биржаларында және Мысыр биржасында айналымда.

Orascom Construction үш түрлі және жеке брендтер бойынша жұмыс жасайды: Orascom, Contrack және The Weitz Company. Негізгі брендтерге BESIX тобы және құрылысқа арналған өнеркәсіптің қосымша салаларындағы еншілес және тәуелді компаниялар желісі  акцияларының 50% қолдау көрсетеді.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу