20 Желтоқсан 2017, 12:26
Бүгін ҚР Үкіметі отырысының қорытындысы бойынша өткен баспасөз конференциясында білім және ғылым вице-министрі Бибігүл Асылова оқу үрдісі тұрғысынан бұқаралық кәсіпкерліктің жүзеге асырылуы туралы баяндап берді.
Қазіргі кезде Өнімді жұмыспен қамту және кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы бойынша 21,1 мың адам оқып жатыр.
«Жалпы алғанда, 5 жыл ішінде 106 мыңға жуық адамды оқыту жоспарланып отыр. 2017 жылы бағдарламаны іске асыруға 4,7 млрд теңге бөлінді. Білім алушылар 271 мамандық бойынша бөлінген. Мәселен, «сервис және қызмет көрсету» мамандығы бойынша шамамен 30%, ауыл шаруашылығы және құрылыс саласы бойынша – 13%, көлік саласында – 19% оқытылып жатыр», — деді Бибігүл Асылова.
Вице-министр білім беру бағдарламалары толығымен қайта қаралып, қайтадан бекітілгенін атап өтті. Жаңа модульдік бағдарламалар жұмыс берушілердің, «Атамекен» ҰКП өкілдерінің қатысуымен әзірленді. Аталған бағдарламалардың мәні – олар тәжірибеге бағдарланған, икемді, жұмыс берушілердің талаптарына сәйкес өзгертілуі мүмкін.
«Бұл бағдарламалардың ерекшелігі мынада, білім алушылар оқу барысында үш жыл ішінде шамамен үш біліктілік пен орта буын маманының біліктілігіне ие болады», — деп түсіндірді журналистердің сұрақтарына жауап берген білім және ғылым вице-министрі.
Естеріңізге сала кетейік, бүгін Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен ҚР Үкіметінің отырысында Өнімді жұмыспен қамту және кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының алдын ала нәтижелері қаралды.
Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев баяндама жасау барысында Бағдарламада 9 және 11 сынып оқушылары, оқу орындарына түспегендер, аз қамтылған отбасы мүшелері мен қиын өмірлік жағдайдағы жұмыс іздеушілер секілді қатысушылар санаттары анықталғанын атап өтті. Бағдарламаға қатысушылар стипендиямен, біржолғы ыстық тамақпен және жол жүру ақысымен қамтамасыз етіледі.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу