26 желтоқсанда Үкімет үйінде ҚР Үкіметінің отырысы өтеді

Сейсенбі күні, 26 желтоқсанда сағат 11:00-де Үкімет үйінде ҚР Үкіметінің кезекті отырысы өтеді. 

Күн тәртібінде:

  • жылу беру маусымының өту барысы;

  • «Экспо-2017» көрсетілген технологияларды енгізу мәселелері;

  • «Ақылды қалалар» жобаларын іске асыру мәселелері;

  • валютаны реттеу және валютаны бақылау туралы заңнаманы жетілдіру;

  • ҚР Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2017 жылға арналған жоспарының орындалуы және ҚР Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2018 жылға арналған жоспарының жобасы. 

Отырыс қорытындысы бойынша Үкіметтің баспасөз орталығында ҚР энергетика министрі Қанат Бозымбаевтың және ҚР БҒМ Ғылым комитеті төрағасы Болатбек Әбдірасыловтың қатысуымен баспасөз конференциясы өтеді. 

Үкімет отырысының тікелей таратылымын PrimeMinister.kz сайтынан, FacebookВконтактеTwitterPeriscope әлеуметтік желілерінен, сондай-ақ Android пен iOS мобильдік қосымшаларынан және YouTube арнасынан көре аласыздар.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу