Мемлекет басшысының тапсырмасымен Бақытжан Сағынтаев пен Әділбек Жақсыбеков Жамбыл облысы активіне жаңа әкімді таныстырды

Бүгін Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасымен Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев пен Президент Әкімшілігінің басшысы Әділбек Жақсыбеков Жамбыл облысы мәслихатының кезектен тыс сессиясына қатысты.

Отырыс барысында Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев Мемлекет басшысының облыс мәслихатының депутаттарына бағытталған, Жамбыл облысының әкімі қызметіне Асқар Мырзахметовты тағайындау туралы ұсынысы жазылған хатты оқып берді. Депутаттар Президенттің ұсынған кандидатурасын бірауыздан қолдады.

Бұдан кейін ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев пен Президент Әкімшілігінің басшысы Әділбек Жақсыбеков Жамбыл облысының активімен кездесіп, жиын барысында жаңа әкімді таныстырды.

Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев Кәрім Көкірекбаевқа бірлесіп атқарған жұмыс үшін алғыс айтты. Таныстыру барысында Премьер-Министр Асқар Мырзахметовтың түрлі жауапты басшылық лауазымдардағы мол тәжірибесін атап өтіп, жаңа басшылыққа Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арналған «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауын іске асыру бойынша бірқатар нақты міндеттер қойды.

Сондай-ақ, облыс активімен кездесу барысында «Қазфосфат» ЖШС бас директоры, еңбек ері Мұқаш Ескендіров, Жамбыл облысының қоғамдық кеңес төрағасы Жандар Кәрібаев сөз сөйледі.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу