11 қаңтарда Үкімет үйінде ҚР Үкіметінің отырысы өтеді

Бейсенбі күні, 11 қаңтарда сағат 10:00-де, Үкімет үйінде ҚР Үкіметінің кезекті отырысы өтеді. 

Күн тәртібінде:

  • Мемлекет басшысының 2018 жылғы 10 қаңтардағы Жолдауын іске асыру шаралары;

  • 2017 жылғы əлеуметтік-экономикалық даму мен республикалық бюджеттің атқарылуының алдын ала қорытындылары;

  • Денсаулық сақтау жүйесінің инфрақұрылымын дамыту жөніндегі бірыңғай перспективалық жоспар.

Отырыс қорытындысы бойынша ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында баспасөз конференциясы өтеді. 

Үкімет отырысы мен баспасөз конференциясының тікелей таратылымын PrimeMinister.kz сайтынан, FacebookВконтактеTwitterPeriscope әлеуметтік желілерінен, сондай-ақ Android пен iOS мобильдік қосымшаларынан және YouTube арнасынан көре аласыздар.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу