14 Наурыз 2018, 08:09
Бейсенбі күні, 15 наурызда сағат 12:00-де Үкімет үйінде «Президенттің бес әлеуметтік бастамасын» іске асыру аясында МЖӘ қағидаларына негізделген, ЖОО-лар мен колледж студенттеріне арналған жатақханалар құрылысы туралы баспасөз конференциясы өтеді.
ҚР білім және ғылым вице-министрі Бибігүл Асылова және «Қаржы орталығы» АҚ президенті Асқар Ибраимов шара спикерлері болады.
Баспасөз конференциясының тікелей таратылымын PrimeMinister.kz сайтынан, Фейсбук, «Вконтакте», Твиттер, Перископ әлеуметтік желілерінен, Ютуб ресми арнасынан, сондай-ақ Андроид пен Айфонның мобильдік қосымшаларынан көре аласыздар.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу