Өңдеу өнеркәсібінің инвестициялары шамамен екі есеге ұлғайды — Kazakh Invest

Бүгін Астанада «Жас Отан» IV съезінде «Kazakh Invest» ҰК басқарма төрағасының орынбасары Рустам Исатаев өңдеу саласына инвестициялар тарту қарқыны туралы айтып берді.

«Қазақстанға тартылған барлық инвестициялардың шамамен 70% тау-кен өндірісі саласына бағытталған. Индустрияландыру процесінің арқасында 2006 жылдан бастап өңдеу өнеркәсібіне салынған инвестициялардың үлесі екі есеге ұлғайтылды. Сандармен айтар болсақ, бұған дейін бұл көрсеткіш 7% болды, бүгінде шетелдік инвестициялардың жалпы көлемінің шамамен 15% өңдеу секторына жіберіледі. Яғни нәтиже бар», — деді Рустам Исатаев «Қазақстанда жасалған» секциялық отырысында сөйлеген сөзінде.

Егер 2005 – 2010 жылдар аралығында шетелдік инвестициялардың жалпы көлемі шамамен $6 млрд құраса, Индустрияландыру бағдарламасын жүзеге асырудың жеті жылының қорытындысы бойынша 2010 жылдан 2016 жылға дейін $25 млрд-қа жуық инвестиция тартылған.

«Kazakh Invest» ұлттық компаниясының, ең алдымен, әрбір инвесторға өңдеу секторларында, АТ-да, туризм саласында және т.б. іс жүзінде көмектесе алатын жоғары мәртебесі бар. Яғни әрбір жобаны соңына дейін жеткізіп, инвесторлардың барлық деңгейдегі мәселелері шешілуі тиіс», — деді спикер.  

Рустам Исатаев Kazakh Invest инвесторлар мәселесін жылдамырақ шешіп отырғанын айтып өтті.

«Әр апта сайын дерлік Kazakh Invest Директорлар кеңесінің төрағасы — Премьер-Министрдің деңгейінде ірі жобалар тыңдалып, жер телімін беру, виза беру секілді барлық мәселелер шешілуде. Яғни, осы жылдар ішінде біз екі есеге ілгерілеу нәтижелерін көрдік, дегенмен бұл қарқынды одан әрі арттыруды көздейміз», — деп қорытындылады Рустам Исатаев.

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу