31 Наурыз 2018, 02:54
Осы жылдың 28 наурызында Мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың тапсырмасымен ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев жұмыс сапарымен Оңтүстік Қазақстан облысына барып қайтты. Сапардың мақсаты — Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік, Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері Жолдаулары мен Президенттің бес әлеуметтік бастамасының жүзеге асырылу барысымен танысу.
Б. Сағынтаев өңірге келісімен Сарыағаш ауданының аграрлық кәсіпорындары: «КелесПласт» ЖШС полиэтиленді жабындар шығаратын цехы мен «Жабай ата» ЖШС жылыжай шаруашылығының жұмысымен танысты.
«Сарыағаш жер сыйы» көшеттерді өсіру тәлімбағын аралағаннан кейін, Бақытжан Сағынтаев өңірдің фермерлерімен кездесу өткізді. Онда АӨК жаңғырту мәселелері талқыланды.
Б. Сағынтаев сапар кестесінен тыс, Өзбекстанмен шекарада орналасқан «Жібек жолы» халықаралық бақылау–өткізу бекетінде болды.
Сонымен қатар Премьер-Министр «Shymkent City» шағын ауданының салынып жатқан нысандарында болып, «Нұрлы Жер» мемлекеттік бағдарламасының өңірде іске асырылу қарқынымен танысты.
Бақытжан Сағынтаевқа «Оңтүстік» индустриалды аймағы аумағындағы «Shymkent Temir» оңтүстік өңірдегі болат блюм шығаратын алғашқы қазақстандық кәсіпорынның қызметі туралы ақпарат берілді.
Премьер-Министр Шымкенттегі облыстық клиникалық аурухананы аралау барысында өңірдің денсаулық сақтау жүйесінің қызметкерлерімен кездесу өткізді. Сол күні Бақытжан Сағынтаев ОҚО мемлекеттік педагогикалық университетінің «Студенттер үйіне» барды.
ЖОО-лар мен колледждердің басшылығымен және студенттерімен, Шымкенттің студенттік ұйымдарының көшбасшыларымен кездесу кезінде жоғары білім берудің сапасы мен қолжетімділігін арттыру, студенттердің жатақханадағы жағдайларын жақсартудың жаңа құралдары талқыланды.
Сондай-ақ, ҚР Премьер-Министрі облыс активімен және бизнес орта өкілдерімен кездесу өткізді. Онда индустрияландыру, цифрландыру, технологиялық жаңғырту және Индустрия 4.0 бағыттары бойынша өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері талқыланды.
Қазақстан Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-арнаға жазылыңыз
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу