31 Наурыз 2018, 03:42
29 наурызында Мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың тапсырмасымен ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев жұмыс сапарымен Қызылорда облысына барып қайтты. Сапардың мақсаты — Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік, Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері Жолдаулары мен Президенттің бес әлеуметтік бастамасының» жүзеге асырылу барысымен танысу.
Бақытжан Сағынтаев өңірге келісімен облыс активімен, аудандардың әкімдерімен және бизнес өкілдерімен кездесу өткізді. Президенттің Жолдауларын іске асыру және 2018 жылы өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының мақсатты индикаторларына қол жеткізу бойынша Жобалық басқару жұмысының жүйесіне қатысты мәселелер талқыланды.
Сол күні ҚР Премьер-Министрі білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік сала қызметкерлерімен кездесіп, Президенттің бес әлеуметтік бастамасын орындау мәселелерін талқылады.
Сондай-ақ, Бақытжан Сағынтаев жұмыс сапары барысында «Қараөзек» компрессорлық стансасына барды, осы жылдың шілде айында оны іске қосу кезінде «Қызылорда – Жезқазған – Қарағанды – Теміртау – Астана» бағыты бойынша «Сарыарқа» магистральді газ құбырының құрылысы басталады.
Арал қаласындағы «Арал балық өңдеу зауыты» ЖШС мен «Аралтұз» АҚ цехтарын аралау кезінде Б. Сағынтаев өңірдегі балық және азық-түлік өнеркәсібінің даму қарқынымен танысты.
Сонымен қатар Арал маңында Арал ауданының активімен және жұртшылығымен Солтүстік Арал жобаларын іске асыру мен суармалы жерлерге қатысты мәселелер бойынша кездесу өтті.
Бақытжан Сағынтаев Байқоңыр қаласында еліміздің ғарыш саласының, ғарыш айлағы мен қала инфрақұрылымының даму нәтижесімен танысты.
Қазақстан Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-арнаға жазылыңыз
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу