04 Сәуір 2018, 07:59
«ҚазАгроКепіл» АҚ басқарма төрағасы Қайрат Мақаев Президенттің бес әлеуметтік бастамасы аясында ауылдағы кәсіпкерлікті дамыту мәселесіне арналған баспасөз конференциясында несие беру жүйесіндегі және шаруаларға кепілдіктер берудегі өзгерістер туралы айтып берді.
Фермерлер бұған дейін несие алу үшін жобалар қарастырылатын несие серіктестігіне, шағын қаржыландыру ұйымдарына өтінім беретін. Кепілзаттардың жетіспеуі салдарынан олар «ҚазАгроКепіл» АҚ компаниясына жүгінді. Белгілі бір уақыт жоғалды. Биыл жүйеге өзгеріс енгізілді.
«Биылғы жылдан бастап фермерлер бізбен тікелей байланыса алады. Олардың өтініштері шұғыл түрде қаралады. Біздің шешіміміз бойынша олар қаржы ұйымдарына бара алады», — деп түсіндірді Қайрат Мақаев.

«ҚазАгроКепіл» АҚ басшысы Өнімді жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы шарттарының өте қолайлы екенін айта отырып, Бағдарлама аясында фермерлерді батыл әрекет жасап, жеке бизнес ашуға шақырады.
«Егер кепілге қоятын зат жетіспеушілігі орын алса, «ҚазАгроКепілге» жүгінуге болады, фермерге жетпей тұрған кепілзатының орнын толтыруға мүмкіндік беретін кепілдіктер түрінде қолдау көрсетіледі. Тіпті артылған кепілдікті бизнесті дамыту үшін, жаңа қажеттіліктерге жұмсалатын айналым қаражатын толтыруға жұмсауға мүмкіндік берілген», — деді Қайрат Мақаев.
Сонымен бірге, әрекет етіп тұрған бизнесі бар фермерлер несие сомасының 50% кепілдіктерін, ал бизнесті жаңадан бастаушылар — 85% алуына болады.
Оның айтуынша, бүгінгі таңда «ҚазАгроКепіл» бөлімшелері барлық облыс орталықтарында және Алматы қаласында жұмыс істейді. Кепілдіктер алуға өтінімдерді 2000-нан астам ауылдық жерлерде және 44 шағын қалада беруге болады.
2017 жылы «ҚазАгроКепіл» жалпы сомасы 1 млрд теңгеден асатын сомаға 185-тен астам кәсіпкерге несиелендіру бойынша 250-ге жуық кепілдіктер берді. 2018 жылы шамамен 7 млрд теңгеге 1000-нан астам кепілдік беру жоспарланып отыр. Бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша 210 млн теңгеге 40 кепілдік бойынша шешім қабылданды.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу