Бақытжан Сағынтаев көлік және логистика саласын цифрландыру мәселелері жөнінде кеңес өткізді

Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев бейнеконференц байланыс режимінде елімізде зияткерлік көлік жүйесін енгізу және көлік саласын цифрландыру мәселелері жөнінде жұмыс кеңесін өткізді.

Басты мақсаты — көлікпен қатынаудың орташа уақытын қысқарту, тасымалдардың қауіпсіздігін және халыққа ақпараттың қолжетімділігін арттыру.

Кеңес барысында Премьер-Министрдің бірінші орынбасары А. Мамин, Премьер-Министрдің орынбасары А. Жұмағалиев, инвестициялар және даму министрі Ж. Қасымбек, «ҚТЖ» ҰК президенті Қ. Алпысбаев сөз сөйледі.

 

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу