28 Сәуір 2018, 07:03
Сәрсенбі күні, 2 мамырда, 15:00-де Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің кезекті отырысы өтеді.
Отырыстың күн тәртібінде:
• Экспорттық саясат және экспорттаушыларды қолдау мәселелері.
• Тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері.
• Транспорт пен логистиканы цифрландыру.
Отырыс қорытындысы бойынша ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында ҚР инвестициялар және даму вице-министрі Арыстан Қабыкеновтың, ҚР ИДМ Көлік комитеті төрағасының орынбасары Дәурен Сәбитовтың, сондай-ақ «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Қуат Жолдыбековтың қатысуымен баспасөз конференциясы өтеді.
Тікелей таратылымдарды PrimeMinister.kz сайтынан, Фейсбук, «Вконтакте», Твиттер, Перископ әлеуметтік желілерінен, Ютуб ресми арнасынан, сондай-ақ Андроид пен Айфонның мобильдік қосымшаларынан көре аласыздар.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу