23 Шілде 2018, 10:53
Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Қазақстанның Үшінші жаңғыруын жобалық басқару аясында осыған дейін атқарылған жұмыстардың жай-күйі жөнінде кеңес өткізді.
Кеңес барысында Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары әкімдіктерінің жобалық басқару бағыттары тұрғысынан іс-шараларды орындау және индикаторларға қол жеткізу бойынша 2018 жылдың екінші жарты жылдығына арналған жоспарлары және бірінші жарты жылдықта атқарылған жұмыстардың алдын-ала қорытындылары талқыланды.

Қостанай облысының әкімі А. Мұхамбетов, Павлодар облысының әкімі Б. Бақауов және Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Қ. Ақсақалов өңірлердің негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерімен таныстырып, көлік және логистиканы, АӨК, білім беру, денсаулық сақтау салаларын, туризмді, сауданы, жаппай кәсіпкерлікті дамыту, сондай-ақ, базалық индустрияландыруды жүргізу, инвестициялар тарту және өнімді жұмыспен қамту мәселелері жөнінде баяндады.
Әкімдер өздерінің сөздерінде экономикалық өсімнің жаңа моделін қалыптастыру бойынша қабылданып жатқан шараларға баса назар аударды.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу