Мемлекет басшысы Жоғарғы сот төрағасы Жақып Асановпен кездесу өткізді

Кездесуде Мемлекет басшысына сот төрелігі органдарының биылғы жарты жылдықта атқарған қызметі мен бұған дейінгі жүктелген тапсырмалардың орындалу барысы жөнінде есеп берілді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды. 

«Өткен 6 айдың ішінде бірінші сатыдағы соттар 1,8 миллион сот ісі мен материалдарды қарады. Бұл былтырғы осы уақыттағы көрсеткіштен жоғары. Қылмыстық іс бойынша 16 302 адам сотталса, олардың 25% бас бостандығынан айырылды», — деді Жоғарғы сот төрағасы.

Жақып Асанов Нұрсұлтан Назарбаевқа экономикалық қылмыстар бойынша қамау түріндегі бұлтартпау шараларын белгілеу жағдайы 30%-ға төмендегінін мәлімдеді.

Кездесу соңында Қазақстан Президенті бірқатар тапсырма берді.

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу