22 Тамыз 2018, 09:50
Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен Экономикалық саясат жөніндегі кеңес отырысы өтті.
Отырыс барысында, Мемлекет басшысы алға қойған міндеттер тұрғысынан, Қазақстан азаматтарының әл-ауқатын арттыру мәселелері талқыланды. Бұдан өзге, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ компанияларын «Астана» халықаралық қаржы орталығының биржа алаңы арқылы IPO-ға шығару мәселелері қаралды. Қазіргі таңда Қор ірі компанияларды IPO/SPO-ға шығаруға дайындық жұмыстарын жалғастырып жатыр.
Сондай-ақ, отырыс қатысушылары «Астана» халықаралық қаржы орталығының биржа алаңы жұмысының перспективаларын қарады. АХҚО еліміздегі және аймақтағы экономикалық қызметті қаржыландыру алаңы болмақ. Бүгінгі таңда Биржада Қазақстанның қаржы нарығы инфрақұрылымының тиімділігін арттыру және дамыту жұмыстары атқарылуда. Бұл капиталдың жергілікті нарығын алдағы уақытта халықаралық деңгейге шығаруға жол ашады. Капиталдың дамыған нарығы қазіргі таңда банк секторы түріндегі Қазақстанның қаржы жүйесін толықтырады және тепе-теңдігін сақтайды.
Қаралған мәселелер бойынша Ұлттық банк төрағасы Д. Ақышев, АХҚО басқарушысы Қ. Келімбетов, «Самұрық-Қазына» АҚ басқарушы директоры Н. Рахметов, ұлттық экономика министрі Т. Сүлейменов, қаржы министрі Б. Сұлтанов және т.б. баяндама жасады.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу