Бақытжан Сағынтаев Chevron өкілдерімен ынтымақтастықты одан әрі жалғастыру мәселелерін талқылады

Бүгін ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев «Шеврон. Еуропа, Еуразия және Таяу Шығыс. Барлау және өндіру» президенті Джеффри Тодд Леви және «Шеврон» Еуразиялық бөлімшесінің жаңа директоры Дж. Балтцтың басшылығымен Chevron компаниясының өкілдерімен кездесу өткізді.  

Кездесу барысында мұнай-газ саласында ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселесі талқыланды.

Қазақстанда «Шеврон» компаниясы ірі жобаларды жүзеге асыруға қатысады, оның ішінде «Теңізшевройл» (50%), Қарашығанақ (18%), Каспий құбыр консорциумы (15%) бар.

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу