27 Қыркүйек 2018, 06:10
Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев EMEA (Еуропа, Таяу Шығыс және Африка) бойынша акционерлік капитал нарықтарының бөлімше басшысы Кен Робинс бастаған Citigroup өкілдерімен кездесу өткізді.
Кездесу барысында мұнай-газ индустриясындағы ынтымақтастық, компанияның жекешелендіру бағдарламасына қатысу келешегі, сондай-ақ, қазақстандық кәсіпорындармен өзара іс-қимылдың басым бағыттары қаралды.
Сонымен қатар, кездесуге Citigroup тарапынан «Ситибанк Қазақстан» АҚ басқарма төрағасы, директорлар кеңесінің мүшесі А. Курилин және Шығыс және Орталық Еуропа, Таяу Шығыс және Африка бойынша инвестициялық-банктік қызметтер бөлімшесінің басшысы И. Мтибелишвили қатысты.
Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу