Үкімет үйінде Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі ұлттық комиссияның отырысы өтті

Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі ұлттық комиссияның отырысы өтті.

Отырыс барысында терминологиялық және әдістемелік жұмыс топтарының атқарған жұмыстарының нәтижелері қаралып, латын графикасына негізделген жаңа қазақ әліпбиінің негізгі орфография ережелерінің жобасы және компьютер жүйелерінде жаңа әліпбидің   пернетақтада орналасуы мәселелері талқыланды.

Мәдениет және спорт министрі А. Мұхамедиұлы, білім және ғылым министрі Е. Сағадиев, ақпарат және коммуникациялар министрі Д. Абаев, Ш. Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-тәжірибелік орталығының хатшы ғалымы А. Фазылжанова отырыс барысында баяндама жасады.

Мәселені талқылауға «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-тәжірибелік орталығының бас директоры Ғ. Есім, А. Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтының директоры Е. Қажыбек, «Өлке» баспа үйінің директоры М. Құлкенов, ф.ғ.д., профессор, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің шет тілдері кафедрасының меңгерушісі Т. Аяпова, А. Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтының бас ғылыми қызметкері Ә. Жүнісбек және т.б. қатысты.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу