Үкіметтің жобалық басқару жүйесі: Б. Сағынтаев денсаулық сақтауды, білім беруді, өнімді жұмыспен қамтуды дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді

Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев бейнеконференция байланысы режимінде Қазақстанның Үшінші жаңғыруын жобалық басқару аясында атқарылған жұмыстардың жай-күйі жөнінде кеңес өткізді.

Кеңес барысында денсаулық сақтау, білім беру салаларын, еңбек нарығын дамыту және өнімді жұмыспен қамту бағыты бойынша экономиканың жаңа моделі аясында білікті мамандарды даярлау мәселелері бойынша тоғыз айдағы алдын ала есептер және 2018 жылдың соңына дейінгі жоспарлар талқыланды.

Сонымен қатар, Батыс Қазақстан және Қостанай облыстары әкімдіктерінің жобалық басқару бағыттары тұрғысынан іс-шараларды орындау және индикаторларға қол жеткізу бойынша осы жылдың соңына дейінгі жоспарлар және есепті кезеңдегі алдын-ала қорытындылары қаралды.

Бейнеконференция режимінде ұлттық экономика министрі Т. Сүлейменовтың, денсаулық сақтау министрі Е. Біртановтың, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі М. Әбілқасымованың, білім және ғылым министрі Е. Сағадиевтің, Батыс Қазақстан облысының әкімі А. Көлгіновтың және Қостанай облысының әкімі А. Мұхамбетовтың баяндамалары тыңдалды. Сондай-ақ, кеңес барысында Премьер-Министрдің орынбасары Е. Досаев түсініктеме беріп өтті.  

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу