Қазақстанның Үшінші жаңғыруын жобалық басқару: Б. Сағынтаев өңірлерді дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді

Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев бейнеконференция байланысы режимінде Қазақстанның Үшінші жаңғыруын жобалық басқару аясында атқарылған жұмыстардың жай-күйі жөнінде кеңес өткізді.

Кеңес барысында Астана, Алматы, Шымкент қалалары және Шығыс Қазақстан мен Маңғыстау облыстары әкімдіктерінің жұмысы бойынша тоғыз айдағы алдын ала есептер және жылдың соңына дейінгі жоспарлар талқыланды.

Базалық индустрияландыру, АӨК, көлік және логистиканы, сауда, денсаулық сақтау, білім беру, туризм секторларын дамыту, экономика салаларын цифрландыру және АКТ, жаппай кәсіпкерлікті және өнімді жұмыспен қамтуды жетілдіру бағыттары бойынша мақсатты индикаторларға қол жеткізуге жасалған талдаулар ұсынылды.

Бейнеконференция байланысы режимінде Астана қаласының әкімі Б. Сұлтановтың, Алматы қаласының әкімі Б. Байбектің, Шымкент қаласының әкімі Ғ. Әбдірахымовтың, Шығыс Қазақстан облысының әкімі Д. Ахметовтың және Маңғыстау облысының әкімі Е. Тоғжановтың баяндамалары тыңдалды.

Сондай-ақ, кеңес барысында Премьер-Министрдің орынбасары Е. Досаев, ұлттық экономика министрі Т. Сүлейменов, денсаулық сақтау министрі Е. Біртанов, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі М. Әбілқасымова, білім және ғылым министрі Е. Сағадиев, мәдениет және спорт вице-министрі Е. Қожағапанов, ақпарат және коммуникациялар вице-министрі Д. Щеглова түсініктеме беріп өтті.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу